• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
13 Ақпан, 2017

Ford компаниясы өздігінен жүретін көлік өндірісіне $1 млрд салады

287 рет
көрсетілді

Америкалық автокөлік компаниясы Ford алдағы бес жылда өздігінен жүретін автокөлік өндірісіне 1 млрд доллар құймақ, деп жазады Financial Times. Басылымның хабарлауынша, осының нәтижесінде Ford көліктері 2021 жылдан бастап өзі жүретін көліктерді жаппай нарыққа шығармақ. Ол үшін Ford компаниясы Argo атты бөлімше құрып, бұрын Google мен Uber компанияларында еңбек еткен инженерді шақырды. Бұл құрылымның штаб пәтері Питтсбург штатында. Компания Agro-ның жалғыз үлескері екеніне қарамастан, оны стартап деп жариялаған.