• RUB:
    5.38
  • USD:
    478.91
  • EUR:
    526.42
Басты сайтқа өту
16 Наурыз, 2017

Ақышев теңге бағамының өзгеруі уақытша құбылыс екенін айтты

130 рет
көрсетілді

ҚР Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев елдегі валюта нарығындағы ахуал туралы пікір білдірді. Бас банкирдің айтуынша, 2017 жылдың ақпан айында доллардың теңгеге шаққандағы бағым 311-325 аралығында ауытқыды. Ақпан айындағы биржалық бағам 312,76 теңгені құрады. "Валюта нарығындағы жағдай тұрақтылығынан таймай келе жатыр. Ақпан айында ұлттық валюта 3,5 пайызға нығайды", - деді Ақышев. Ал бірер күн бұрын басталған теңгенің күрт әлсіреуін бас банкир "уақытша нәрсе" деп бағалады. "Ұлттық валютаға сұраныстың күрт артқанынан кейінгі өтпелі кезеңде теңгенің қайта әлсіреуі заңды. Сонымен қатар, мұнайдың 51 долларға дейін түсіп кетуі де теңгеге зиянын тигізді", - деді Ақышев.