• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Әлем Бүгін, 10:37

Ормұз бұғазы қайта жабылды

30 рет
көрсетілді

Иран билігі Ормұз бұғазы арқылы кемелердің өтуін уақытша тоқтатты. Бұл шешім бітім шарттарының бұзылуына байланысты қабылданған, деп жазады Egemen.kz.

Иранның Fars агенттігінің хабарлауынша, Израильдің Ливанға жасаған шабуылдарынан кейін теңіз арқылы транзит тоқтатылған. Осыған байланысты бұғаз арқылы кеме қозғалысы шектелді.

Ормұз бұғазының бұғатталуы әлемде қандай тәуекелдер тудырады?

Мәліметтерге қарағанда, бітім жарияланғаннан бері бұғаздан тек 2 мұнай танкері ғана өтіп үлгерген. Ал Ормұз маңында тұрған бірнеше кеме Иран әскери-теңіз күштерінен жолдың әлі де жабық екені туралы ескерту алған.

Tasnim агенттігінің мәліметінше, Тегеран тарапы егер Израиль бітім талаптарын бұзуды жалғастырса, келісімнен шығуы мүмкін екені айтылған.

Иран мен АҚШ екі апталық бітімге келді: Ормұз бұғазы ашылады

Соңғы жаңалықтар