• RUB:
    5.38
  • USD:
    478.91
  • EUR:
    526.42
Басты сайтқа өту
17 Наурыз, 2017

Сағынтаев Семей қаласына барды

159 рет
көрсетілді

ҚР Премьер-Министрі Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында Семей қаласының сол жақ жағалауындағы тұрғын-үй және әкімшілік ғимараттардың 70%-ын жылумен қамтамасыз ететін ЖЭО-1-дің қайта жөндеу жұмыстарын тексерді, деп жазады primeminister.kz. Сондай-ақ, Б. Сағынтаевқа өңірдің басымдықты жобаларының бірі болып табылатын ЖЭО-3-тің құрылыс жұмыстары туралы есеп берілді. Қазіргі уақытта жоба бойынша техникалық-экономикалық негіздеме әзірленген және мемлекеттік сараптамадан дәйектеме алынған. Жобаның мақсаты –  тиімділігі мен сенімділігі төмен көптеген қазандықтардың қуаттылықтарын алмастыру, жылулық жүктемелердің өсімін жабу, технологиясы тиімді жылу және электр энергиясы өндірісінің экологиялық таза көзін қалыптастыру. Сонымен қатар Бақытжан Сағынтаев Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында жүргізіліп жатқан Семей қаласының халықаралық әуежайының қайта жөнделу жұмыстарымен және жүйесімен танысты. Облыс әкімінің орынбасары С. Ақтанов ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевқа әуежайдың қайта жөнделу жұмыстарының барысы туралы айтып берді. Оның аясында ұшып-қону жолағы 2,7 шақырымнан 3,3 шақырымға дейін ұзартылатын болады, жаңа апаттан құтқару стансасы тұрғызылады, және коммуникацияның барлық түрі алмастырылатын болады. Бұдан өзге, Б. Сағынтаевқа әуежайдың қауіпсіздік жүйесінің жұмыстары туралы есеп берілді. Айта кету керек, Семей қаласының әуежайы транзиттік бағдарлар үшін өте қолайлы географиялық жерде орналасқан және қайта құру жұмыстарынан кейін жүк лайнерлерінен бастап, кез-келген ұшақ түрлерін қабылдай алатын болады. Бүгінгі таңда әуе айлағы жылына шамамен 70 мың адамға қызмет көрсетеді.