• RUB:
    5.38
  • USD:
    478.91
  • EUR:
    526.42
Басты сайтқа өту
17 Наурыз, 2017

Шығыс Қазақстанда 3D принтерлерінің бөлшектері шығарылады

182 рет
көрсетілді

2017 жылы «Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ бірегей жобаларды - магниттік резонанстық томографқа арналған өткізгіштігі тым жоғары сымдарды, тантал жабылған медициналық қондырғылар мен 3D принтерлерге арналған негізгі құрауыштарды өндіруді жүзеге асырады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат». «Үлбі металлургия зауыты» АҚ басқарма төрағасы Юрий Шахворостовтың айтуынша, тантал - адам ағзасымен үйлесім табатын ерекше металл, сондай-ақ, тантал мықты қорытпаларда қолданылады. Тантал жабыны басқа металдардың сипаттамасын өзгертіп, олардың беріктігін арттырады - бұл зауыттық ноу-хау. «Титан ұнтағынан имплант (буын) жасалынып, вакуум камерасында танталды шаңдатамыз. Буынды 3D-принтерінде басып шығарамыз. Сондай-ақ, 3D принтерде басып шығарудан бөлек, осы принтердің негізгі құрауышы саналатын тантал ұнтақтарын өндіруді де қолға аламыз. Бұл сирек кездесетін зат. Биылғы жылы осы жобаны жүзеге асыруды жоспарлаудамыз», - деп атап өтті Шахворостов.