• RUB:
    5.38
  • USD:
    478.91
  • EUR:
    526.42
Басты сайтқа өту
17 Наурыз, 2017

Қостанайда «Киіз әлемі» көрмесі ашылды

174 рет
көрсетілді

Облыс орталығындағы Көркемсурет галереясында киізден жасалған қолөнер бұйымдарының «Киіз әлемі» атты қолданбалы-декоративтік көрмесі ашылды. Қостанайда киізден жасалған бұйымдармен көрермендерін таңғалдырып жүрген суретшілер мен қолөнершілердің Наурыз мейрамы қарсаңында бірінші көрмесі өткізіліп отыр.

Қазақстан жерінде көшпелілер киізді  біздің  дәуірімізге дейінгі  І мыңжылдықта пайдаланған. Киіз қазақ халқының төсеніші, киімі, көлігінің жабуы болған. Ол адамды қыста суықтан, жазда ыстықтан қорғаған. Көшпелілер қолданған киіз бүгінде суретшілер мен дизайнерлердің, қол өнер шеберлерінің өз ойын, сұлулықты жеткізетін материалына айналған.

«Киіз адамдардың тұрмыста қолдануына экологиялық ең таза материал болса, өнер адамдарының да қолдануына өте қолайлы. Оны қазіргі жаңа технологиялармен әрлей түскенде қайталанбас сұлулық береді» дейді суретші, мүсінші Баян Баталова.

Көрмеге қатысқан өнер иелерінің айтуынша, бүгінде киізден жасалмайтын зат жоқ. Кілемнен бастап, киім, аяқ киім,  қуыршақ пен гүлге дейін жасауға болады.

  Нәзира Жәрімбетова «Егемен Қазақстан»