• RUB:
    5.38
  • USD:
    478.91
  • EUR:
    526.42
Басты сайтқа өту
18 Наурыз, 2017

Астанада ауыл шаруашылық жәрмеңкесі өтеді

100 рет
көрсетілді

19 наурыздан бастап қаланың үш ауданында отандық тауар өндірушілердің қатысуымен апта сайынғы ауыл шаруашылық жәрмеңкелері өтеді. Шаралар қара күзге дейін жалғасады, деп хабарланды Астана әкімдігінің ресми сайтында. Онда негізгі азық-түлік өнімдерінің 25-тен аса түрі ұсынылады жəне тауарлар қала нарығындағы бөлшек сауда бағаларынан төменірек бағада сатылатын болады. Жәрмеңкелер апта сайын таңғы 9:00-ден кешкі 18:00-ге дейін Сауран к-сі, 7, Абылай хан даңғылы, 20а, Қосшығұлұлы к-сі, 16 мекенжайларында өтеді.