• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
13 Қыркүйек, 2011

Cіз не дейсіз?

271 рет
көрсетілді

Өңір толық энергетикалық тәуелсіздікке жете ала ма? Кешегі кеңестік кезеңде Орал өңірі Қазақстанның бір­­ыңғай электр жүйесінен тым оқшау орналасты. Сон­дықтан да облыс тұр­ғын­дары Ресейден тасымал­да­натын электр энергиясына кіріптар болды. Тәуел­сіз­діктің алғашқы жыл­да­рын­да мұндағы электр қуаты­ның импорты 80 пайызға дейін жеткені жөнінде деректер бар. Ал бүгінгі көрініс қандай? «Егемен Қазақстан» газетінің Батыс Қазақстан облысындағы тілшісі Темір Құсайын Батыс Қазақстан облыстық энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының бөлім бастығы Қуаныш Шарафутдинге: – Сіз бұған не дейсіз? – Бұл іс егемендіктің елең-алаңының өзінде қолға алын­ды. Осы мақсатта аймақ аума­ғында бірнеше газтур­би­на­лық электр стансалары са­лынып, іске қосылды. Оның бірі Киото хаттамасы бой­ын­ша Қазақстанда іске асы­рыл­ған тұңғыш жоба болатын. Соның нәтижесінде энерге­ти­ка импорты 20 пайызға дейін төмендеді. Бұған қоса, Чинарев кенішінде өндірістік қажеттілікті қамтамасыз ете алатын газтурбиналық қон­дыр­ғының құрылысы аяқта­лып келеді. Бүгінгі күні Батыс Қазақ­стан облысы энергетикалық тәуелсіздіктің қарсаңында тұр деп түйін жасауға толық негіз бар. Қазір энергетика им­порты үлесін небәрі 2-3 пай­ыз­ға дейін түсіруге мүм­кін­дік туып отыр. Алайда, Бөкей Ордасы, Жәнібек аудан­да­ры­ның орталықтары және Жақ­сыбай ауылы Ресей Феде­ра­циясының энергетикалық жүй­есіне қосылған. Бұл елді мекендер облыс орталығынан шалғай әрі Ресей Федерация­сы­мен шекаралас орналас­қан. Сондықтан «Алыстан арбалағанша, жақыннан дорбала» деген ұстанымның дәл осы арада қажет екені де талас туғызбайды. Несі бар, көр­шімен қарым-қатынасы­мыз жақсы. Ендеше, оңтайлы әрі тиімді жолдан неге бас тартамыз?! Дегенмен, электрмен жаб­дық­тау нысандарын жоспар­лы жөндеу жұмыстары кезінде және қыс мезгілінде үде­мелі жүктемені қамтамасыз ету мақсатында бағасы ресейліктерден арзан Маң­ғыс­тау атом энергия­сы ком­би­на­ты­нан электр қуатын облысқа жет­кізудің резервтік сызбасы әзір тұр. Орал.