• RUB:
    5.51
  • USD:
    475.37
  • EUR:
    514.97
Басты сайтқа өту
15 Қыркүйек, 2011

Көңіл шуағы

362 рет
көрсетілді

Қаламы қарымды ақын­жан­­­ды әріптесіміз, басылымның Ақ­­­­мола облысындағы тілшісі Бақ­­­берген Амалбековтің «Керімсал» атты жаңа жыр жинағы жа­рық көріпті. Әдемі безендірілген кітап үш бөлімнен тұ­ра­ды. Бірінші бөлім – «Жүрек сө­­­зі», екінші бөлім – «Көгілдір Көк­шетау», үшінші бөлім – «Мәңгі тірі махаббат» деп аталады. Алғашқы бөлімде қаламгер жан-дүниесін жарып шыққан ой­ларды өлең жолына түсіріп өрнектегенде адамның бүкіл бол­­мысы менмұндалап тұрады. Қазығұрт туралы «Сағынып келдім, баба тау, Жанартау жү­рек жар салып» деп қасиетті жер­ге шынайы ілтипатын білдіреді. Екінші бөлімде көгілдір Көкшетаудың әсем таби­ға­тын, нулы орманын, өзен-көлін келістіре суреттейді. Қайыңдар әлемі туралы қалам тербегенде Табиғат-ананың құдіретіне бас иесің. Әсіресе, жапырағы жайқалған, діңі ақ қа­бық­­тармен көмкерілген биші қайыңдарды кө­бе­лек­ке теңейді. Кербез сұлу Бурабайды жыр­­ла­ғанда: «Сырымды жібек желмен үндес­тіріп» деп ой әлемін көркем­дікпен ұштас­тырып, жыр шу­мақ­­та­рын төк­кенде көз ал­ды­ңа әде­мі суреттер келеді. «Айнакөл» атты өлеңінде «Іңкәрім болған қашан да, Айнакөл ару армысың!», деп бір шалқып алып, «Ақ қай­­­ың­­дар аппақ нұрдан нәр алған, Айдыныңда аққуларың та­ран­ған. Көңілімді көктем еткен, Көкшетау, Айнымайсың арман тұнған жанардан», деп тау келбетінен тамаша сурет са­лады. Шоқанның ұлылығын Көкшетау табиғатымен ұш­тас­тырса, қазақтың ерке ақы­ны Еркеш Ибраһимге арнаған өлеңінде оның талантына бас иіп, өзіне үлгі етеді. Үшінші бөлімдегі өлең­дер­де әріптесіміз әр азамат­тың өмірге деген махаббатын, жарға деген адалдығын, ұрпаққа деген ерекше ілтипатын келістіре жырлайды. Бұған дейін қара сөзде танылған автор енді өлең өр­імдерімен де оқырманды елең еткізіп отыр. Керімсал өмір, керімсал жыр жолдарына түс­­кенде кімді де болса селт еткізеді екен. Заман­да­сы­мыз­дың осы бір қадамын құп а­лып, осындай әдемі жыр-жинақтары шыға берсін демекпіз. Сүлеймен МӘМЕТ.