Бұрнағы күні Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі Әділбек Жақсыбековті қабылдады.
Ә.Жақсыбеков Президентті алдағы уақытта Ресеймен бірлесіп өткізілетін «Орталық-2011» жаттығуы туралы, сондай-ақ Ресей Федерациясымен әскери-техникалық ынтымақтастықты дамыту перспективасы туралы және еліміздің қорғаныс-өнеркәсіп кешенінде жүргізіліп жатқан жұмыстар жөнінде хабардар етті.
Мемлекет басшысы Қорғаныс министріне Қазақстан Ресубликасының Қарулы Күштерін нығайту және дамыту жөнінде нақты тапсырмалар берді.