• RUB:
    5.51
  • USD:
    475.37
  • EUR:
    514.97
Басты сайтқа өту
16 Қыркүйек, 2011

Заңға әркім де бағынуы тиіс

398 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Оралбай Әбдікәрімовтің төрағалық етуімен «Нұр Отан» ХДП жанындағы Жемқорлықпен күрес жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің отырысы болып, онда сот әділдігіне аза­мат­тардың және заңды тұлғалардың қолжетімдігін іске асырудағы нор­мативтік-құқықтық және ұйымдастырушылық қызметті қамтамасыз ету бойынша мониторинг қорытындысы қаралды. Мониторинг қорытындысы аза­маттар мен заңды тұлғалардың заңды құқықтарын және мүд­де­лерін қорғау бойынша сот әділ­дігіне қолжетімдігі туралы Қа­зақ­стан Республикасы заңнамалары талаптарының сақталып отыр­ға­нын көрсетті. Сонымен қатар, мониторинг жүргізу барысында ұйымдастырушылық-құқықтық кемшіліктер мен олқылықтар бар­лығы анықталып, оларды жою­дың нәтижесінде сот практикасына және сот әділдігіне халықтың қол­жетімдігін ұйымдастыру жақ­са­ра түседі деген ойлар айтылды. Мысалы, сот мекемелерінде істің тыңдалу күні туралы хабар беру жүйесі дұрыс жетілдірілмеген, соның салдарынан сот оты­рысы барысында азаматтардың құқықтары бұзылып, ол әділетсіз шешімді қабылдауға әкеп соқ­тырады. Білікті заңды көмек алу үшін азаматтардың конституция­лық кепілдіктері толық іске асы­рылмайды. Нақты істер бойынша шешім қабылдау кезінде сот­тар­дың қызметін ұйымдастыру сот төрағалары мен жоғары тұрған инстанциялардың тарапынан бо­ла­тын әкімшілік қысым судья­лар­дың толық тәуелсіздігіне кепілдік бере алмайды. Апелляциялық инстанциялар қызметі формальды про­цедураға айналып кеткен. Жо­ғарғы Соттың веб-сайтына сот актілерін іріктеп жария ету аза­мат­тардың ақпаратты алу құ­қық­тарына шек қояды, деді оты­рысқа қатысушылар. Комиссия төрағасы Оралбай Әбдікәрімов өз сөзінде: «Заң су­дьялардың жұмысына қол сұғуға шектеу қойды. Алайда, судья­лар­дың тәуелсіздігі өзінен жоғары тұрған сот төрағаларына келгенде ақсап жатады, іс бойынша қан­дай көзқарас болуы жөнінен сот төрағаларымен және апел­ля­циялық, кассациялық инстанциялармен «ақылдасу» орнығып қал­ғанын білсек те, ол туралы ашық айтылмайтыны өкінішті. Шын­ды­ғында судьяларға өзінен жо­ға­рыдағылардан қысым барлығын жасырмауға тиіспіз. Бұл заңдағы сот төрағалары істің сапалы жүр­гі­зілуіне және қызметтік міндеттерді дұрыс атқаруын қадағалауы тиіс дегеннен шыққан олқылық», –деп атап өтті. Мұнан кейін Оралбай Әбдікәрімұлы соттағы жем­қорлықтың халықтың заң жүйе­сіне деген сеніміне өте кері әсері барлығын айтты. Мәселен, 2009-2010 жылдары судьялардың үсті­нен жемқорлық бойынша 11 іс қозғалған, Жоғарғы Соттың 6 судьясы лауазымынан босаты­лып, екеуіне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Ал бүгінгі мониториг қорытындысында айтылған әлеуметтік зерттеу ресми ста­тис­ти­каның судьялардың жемқор­лы­ғын нақты көрсетпейтіндігін анықтауы да бізді алаңдатуы тиіс деген. Сұрау салынған 1400 аза­маттың жартысынан көбі су­дья­лардың жемқорлықтарымен өз бастарының кезіккендіктерін айт­қан. Әсіресе, соттардағы жем­қор­лық аудандық, ауданаралық сот корпустарында жиі кездесетінін мониторинг анықтап отыр. Отырыс барысында апел­ля­ция­лық шағымдардың бір күнде 30-60-қа дейін қаралатыны да сөз болды. Егер сот ісінде үкім шығарған судья оны бірнеше ай жүзінде саралап барып шешім шығарса, апелляциялық судья 10 минут ішінде шешім қабыл­дайды. Сол себепті апелляция механизмін дұрыстап қарау қажет деген пікір айтылды. Жемқорлықпен күрес жөнін­де­гі республикалық қоғамдық ке­ңес отырысының қорытындысы бойынша Қазақстан Респуб­ли­ка­сының Үкіметіне, Жоғарғы Сот Кеңесіне, Жоғарғы Сотқа және төменгі тұрған соттарға, Әділет министрлігіне, Бас прокуратурға және Парламент Мәжілісіндегі партия фракциясына азаматтар­дың, қоғамның және мемлекеттің құқықтарын, еркіндіктерін және заңды мүдделерін қорғау сот әділдігіне қолжетімділіктің ұйым­дастыру-құқықтық кедергілерін жою бойынша шаралар қолдануға ұсыныс жасалды. Отырыс барысында пар­тия­ның Жемқорлыққа қарсы медиа-орталығының журналистік тергеу нәтижелері көрсетілді. Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ.