• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
16 Қыркүйек, 2011

Түсіністік меморандумына қол қойды

383 рет
көрсетілді

Кеше Рига қаласында Қазақстан Республикасы Орталық сайлау ко­мис­сиясының төрағасы Қуандық Тұрған­құ­лов пен Латвия Республикасы Орта­лық сайлау комиссиясының төрағасы Арнис Цимдарс Қазақстан Респуб­ли­касы Орталық сайлау комиссиясы мен Латвия Республикасы Орталық сайлау комиссиясы арасындағы өзара тү­сіністік туралы меморандумға қол қойды. Меморандумға қол қою екі елдің сайлау органдары арасындағы ынтымақ­тас­тықты одан әрі дамыту жолындағы маңызды әрі уақтылы жасалған қадам болып табылады. «Ынтымақтастық пен әріптестіктің кеңейтілген пішіні біздің елдеріміздің ортақ демократиялық игілігі болып табылатын идеалдар мен ұста­ным­дарды іске асыруға және қорғауға мүм­кіндік беретін болады. Біз үшін олардың негізгілері – азаматтардың конституциямен бекітілген сайлау және сайлану құқығы. Латвия мен Қазақстанның сайлау органдарының азаматтардың сайлау құқығын іске асыру, әртүрлі деңгейдегі сайлауларды ұйымдастыру, өткізу және құқықтық реттеу саласында жинақтаған тәжірибесі орасан зор. Оны терең зерделеп талдау тек ұлттық сайлау заңын да­мы­тудың ұтымды әдістері мен жолдарын анықтап қана қоймай, демократиялық сайлау үрдісінің жалпы дамуына да айтарлықтай ықпал ете алады», – деп атап өтті өз сөзінде Қуандық Тұрған­құлов. Сондай-ақ, тараптар бұл құжатқа қол қою сайлау үдерісі саласында Қазақстан – Латвия ынтымақтастығының дамуына жаңа серпін береді және оның басты ерекшелігі – екі елдің сайлау органдарының арасында нақтылы әріптестікке, тікелей қарым-қатынастарға көшу болады деген сенімдерін білдірді. Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы.