• RUB:
    5.04
  • USD:
    490.84
  • EUR:
    536.88
Басты сайтқа өту
26 Қараша, 2016

Астанада конькиден әлем кубогының кезеңі өтеді

140 рет
көрсетілді

2-4 желтоқсан аралығында Астанадағы «Алау» мұз сарайында конькимен жүгіруден әлем кубогының үшінші кезеңі өтеді, деп жазады «Хабар 24». 28 елдің ең таңдаулы конькишілері қатысатын халықаралық жарысқа Қазақстан құрамасы да дайындықты бастады. Нагано олимпиадасының қола жүлдегері Людмила Прокашевадан тәлім алатын ұлттық құрама спортшылары «Алау» мұз сарайында оқу-жаттығуларын пысықтауда. Биылғы маусым Қазақстандық конькишілер үшін табысты басталды. Қытайдың Харбин қаласындағы әлем кубогының екінші кезеңінде Роман Креч 500 метрлікте топ жарып, жалпы есепте екінші орынға көтерілді. Кеңесші-жаттықтырушы Вадим Саютиннің айтуынша, Креч бұл жолы да медальдан үмітті спортшының бірі.