• RUB:
    5.04
  • USD:
    490.84
  • EUR:
    536.88
Басты сайтқа өту
26 Қараша, 2016

Қызылордада Мұстафа Шоқайға ескерткіш орнатылады

348 рет
көрсетілді

Облыстық бюджеттен бөлінген 49 млн. 346,0 мың теңгеге мемлекет және қоғам қайраткері Мұстафа Шоқайдың ескерткіші жасалынды, деп хабарлады қала әкімдігі. Алып ескерткіштің биіктігі - 6 метр, бүгінгі күні ескерткіш орнатуға толық дайын тұр. Ескерткіш 3 натуралық өлшемде, қола материалынан құйылған. Авторы - Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі, мүсінші Көшер Байғазиев. Бүгінгі таңда Қызылорда қаласының орталығынан ескерткіштің орны белгіленіп, «Мұстафа Шоқай атындағы қоғамдық қордың» қаржысы есебінен биіктігі 6 метрді құрайтын гранит постаменттің құрылысы жүргізілуде. Ескерткішті орнатуға Қазақстан Республикасында орнатылатын ескерткіштер мен монументтер жөніндегі Мемлекеттік комиссияның хаттамалық шешімімен келісім алынған.