• RUB:
    5.04
  • USD:
    490.84
  • EUR:
    536.88
Басты сайтқа өту
26 Қараша, 2016

Астанада Әбіш Кекілбаевтың аудиториясы ашылды

348 рет
көрсетілді

Бүгін Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде мемлекет және қоғам қайраткері, xалық жазушысы Әбіш Кекілбаев атындағы аудитория ашылды. Университет ректоры Ерлан Сыдықовтың айтуынша, жаңадан ашылған аудиторияда күнделікті дәрістерді өткізу арқылы қазақтың бірегей жазушыларының бірі - Әбіш Кекілбаевтың шығармашылығымен етене таныстыру жоспарланған. "Бүгін Әбіш ағаның дүниеден озғанына жыл толып отыр. Жылдық асы беріліп жатыр. Сол күнге сәйкестендіріп, Еуразия ұлттық университетінде атақты жазушы, қоғам қайраткері Әбіш Кекілбаевтың аудиториясын ашып отырмыз. Белгілі тұлғалардың есімімен аудитория ашу - бұл университетімізде қалыптасқан жақсы бір дәстүр. Өйткені сол тұлғаларлың өмірі, шығармашылығы мен қайраткерлігінен бүгінгі  жастар тәрбие алуы қажет. Бағдарламамен оқыту өз алдына, ал тұлғалар арқылы тәрбиелеу, ол да білім беру әдістерінің бірі деп білуіміз керек. Аудитория ашу бұл жай тақтайша іле салу емес. Ол жерде оқылатын дәрістер, берілетін сабақтар ерекше бір сезімде өтуі тиіс. Мәселен, бүгінгі шараға қатысқан азаматтар мына аудиторияда Әбіштің иісі аңқып тұр деді. Одан артық баға бар ма? Демек, жастардың бойына осы сезімді құя алатын болсақ, ол адамның руxани жағынан бай азамат болып қалыптасауына өз септігімізді тигіземіз", -  дейді Е.Сыдықов.