• RUB:
    5.51
  • USD:
    475.37
  • EUR:
    514.97
Басты сайтқа өту
17 Қыркүйек, 2011

Төрт елдің аумағында өтеді

311 рет
көрсетілді

Қазақстан Қарулы Күштері Аэроұтқыр әскерлерінің өкіл­­­дері бірлескен стратегиялық «Ор­талық – 2011» жаттығуына қатысу үшін Ресей Федера­ция­сының Астрахань облысындағы Ашулук полигонына аттанды. Әскери көлік ұшақтары десант­ты-шабуылдаушы рота орна­лас­қан Талдықорғаннан ұшып шығып, Астана, Атырау арқы­лы Ашулукқа келіп қонды. Қа­зақстан десантшылар тобын Аэроұтқыр әскерлерінің әуе-десантын дайындау жөніндегі орынбасары полковник Виктор Житник бастап барды, деп ха­барлады ҚР Қорғаныс минис­тр­лігінің баспасөз қызметі. «Орталық – 2011» жатты­ғуы­ның Ресей Федерациясында өтетін кезеңіне Қазақстаннан барлығы 100-ге жуық адам қатыспақ. Олар әскери басқару органдарының офицерлері мен Аэроұтқыр әскерлерінің өкіл­де­рі. Ал Қазақстан десантшы­ла­рының алдына қойылған міндет – межеленген жерді «басып алып, ұстап тұру». Бұл опера­цияны қазақстандық жауынгер­лер жаттығуға қатысушы басқа да елдердің бөлімшелерімен бір­ге жүзеге асыратын болады. Қазақстан жағынан әуеде өз шеберліктерін Ми-17 тік ұшақ­тары мен майдандық авиация­ның Су-27 ұшақтарының эки­паждары көрсетпек. Жаттығу төрт елдің аума­ғында өтеді: Ашулук пен Оймаша полигондарынан басқа оқу-жаттығу қимылдары Қырғыз­стан­ның Подгорное және Тә­жік­станның Ляур полигонында жалғасын табады. Қазақстан Қа­рулы Күштері жаттығу­лар­дың барлық кезеңіне атсалы­сып өз үлестерін қосады. Жат­тығуға сондай-ақ, Белоруссия мен Украинаның да әскери бө­лімшелері тартылған. Белсенді қимылдар, әсіресе, Каспий те­ңізі су айлағындағы қазақстан­дық сектор мен Оймаша поли­гонында да жалғасады. Бұл ай­мақ құрлықтағы, теңіздегі және әуедегі әскери іс-қимылдардың нағыз ошағына айналмақ. «Егемен-ақпарат».