• RUB:
    5.04
  • USD:
    490.84
  • EUR:
    536.88
Басты сайтқа өту
28 Қараша, 2016

Елімізде Конфуций институты ашылады

183 рет
көрсетілді

Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетіне Қытайдағы Конфуций институтының өкілдері келді. Сапар барысында аталмыш оқу орнында Конфуций институтын ашу туралы үш тілдегі екіжақты келісімшарт жасалды Делегация құрамында Шыңжаң өлкесіндегі Конфуций Үрімші аграрлық институтының өкілдері Жи Жиан Вын, Йаң Жианлин болды. «Делегацияның Көкшетауға келудегі мақсаты – университет қызметімен танысып, тығыз әріптестік қарым-қатынас орнату, студенттер мен ұстаздардың академиялық ұтқырлық бағдарламасын жүзеге асыру, тағылымдамалар ұйымдастыру, кеңестер беру», – деді университет ректоры Әбдімүтәліп Әбжаппаров. Аспанасты елі дүние жүзінің бірқатар елдерімен, оның ішінде Қазақстанмен де экономикалық, мәдени, саяси, білім, ғылым салаларында мықты әріптестік қарым-қатынас орнатқан мемлекет. Бүгінде Қазақстанда төрт Конфуций институты қызмет етеді. Орталықтың басты міндеті – екі ел арасындағы білім-ғылым бағытындағы ынтымақтастықты дамыту, қытай тілін үйрету, сондай-ақ қытай мәдениеті мен әлеуметтік өмірі, экономикасы туралы ақпараттар беру және екі елдің достық қарым-қатынасын нығайту. «Конфуций институтының штаб-пәтері – Хань-Бань қаласында орналасқан. Оқу орны аграрлық, экономикалық, туризм, көптілділік сияқты негізгі 4 бағытта жұмыс істейді. Конфуций институтының мақсаты: қос мемлекеттің арасындағы достық қарым-қатынасты дамыту, Қытай тілін сапалы және жүйелі оқыту, Қытай мәдениетін насихаттау, халықаралық конференциялар өткізу», – деді Конфуций институтының өкілі Жи Жиан Вын.