Бүгін еліміздің басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады, алайда республикамыздың солтүстік және батыс аумақтарында атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты жауын-шашын күтіледі. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын болып, жел күшейеді, солтүстік облыстардың кей жерлерінде күшті жел болады, деп хабарлады Қазгидромет.
Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарында жел 15-20, екпіні 23-28 м/с, кей жерлерде 30 м/с дейін күшейеді, кей жерлерде бұрқасын, көктайғақ күтіледі.
Алматы облысының Жалаңашкөл аумақтарында жел 17-22 м/с күшейеді, түнде кей жерлерде тұман болады.
Қостанай облысында жел 15-20 м/с күшейеді, кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі.
Жамбыл, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, түнде Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде 15-20 м/с жел күшейеді.
Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын күтіледі. Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман, жел 15-20 м/с күшейеді.
Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.