• RUB:
    5.04
  • USD:
    490.84
  • EUR:
    536.88
Басты сайтқа өту
29 Қараша, 2016

Кең қолдау көрсетілді

194 рет
көрсетілді

Ақтөбе қаласында ел Тәуел­сіздігінің 25 жылдығы қарса­ңында дәстүрлі «Жастар» балы өтті. Салтанатты шараға мекеме басшылары, музыкант, скрипкашы Марат Бисенғалиев, қазақ эстрадасының жұлдыздары, тележүргізушілер мен студент жас­тар қатысты. Шара барысында тұңғыш рет облыс әкімінің 100 мың теңгелік «Жас Ақтөбе» облыстық жастар сыйлығымен ақтөбелік 25 жас марапатталды. «Жас Ақтөбе» об­лыстық жастар сыйлығы би­ы­­л ғана тағайындалды. Соны­мен қатар, аймақ басшысы мүм­кін­дігі шектеулі дарынды 10 жас­ты 100 мың теңгелік сер­ти­фи­каттармен марапаттады. Ш­а­раның жыл сайынғы ұйымдастырушыларының бірі – М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университеті әкімшілігі тарапынан ата-анасының қамқор­лығынсыз қалған студенттерге жалпы сомасы 4 миллион теңге қаражат табысталды. – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың саясаты мен ай­қын бағытын бағдар еткен біздің жалпыұлттық идеямыз – Мәңгілік Елге жетуде қоғамның қозғаушы күші, егемен елдің болашағын қалыптастыратын еркін ой иелері – жастарға патриоттық тәрбие беру. Қай мемлекеттің де болашағы – жас­тар. Тәуелсіздіктің 25 жылы ішінде Мемлекет басшысының бастауымен жастарға зор қол­дау көрсетіліп келеді. Аз ғана уа­қыттың ішінде Қазақстан дүние жүзіне белгілі болды. Елі­міздегі барлық мемлекеттік бағдарламалар Ақтөбе өңірінде де жүзеге асуда. Қазіргі таңда 30-ға жуық үкіметтік емес ұйымдардың ұсынысымен 100-ге тарта саяси-әлеуметтік жобалар іске қосылды. Әсіресе, жас мамандарға тұрғын үй беру, жұмыспен қамту сынды басқа да әлеуметтік көмектермен қолдауға тырысамыз, – деді облыс әкімі Б.Сапарбаев. Ол 1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күніне орай алғаш рет Астана қаласында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қаты­суы­мен өтетін республикалық жас­­тар форумының делегаттарына сәттілік тіледі. Шараның соңы өнер жұлдыздарының әсем әні мен жастардың би кешіне жалғасты. Сатыбалды СӘУІРБАЙ, «Егемен Қазақстан» АҚТӨБЕ