• RUB:
    5.04
  • USD:
    490.84
  • EUR:
    536.88
Басты сайтқа өту
29 Қараша, 2016

3,5 трлн теңге заңдастырылды

141 рет
көрсетілді

Орталық коммуникациялар қызметінде елімізде жүргізіліп жатқан мүлікті заңдастыру жөніндегі акцияға қатысты баспасөз мәслихаты өтті. Оған Қаржы вице-министрі Ардақ Теңгебаев қатысты. Ол қазіргі кезде 3,9 трлн теңгенің 3,5 трлн теңгесі заңдас­тырылғанын айтты. Оның айтуынша, 2015 жылдың соңына дейін, яғни жаңа заңнамалық түзетулерді енгізу уақытына дейін 425 млрд теңге заңдастырылыпты. Жалпы, мүлікті жария ету 8 есеге артса, ал ақша бойынша 30 есеге көбейген. Акцияға 136 мыңнан астам адам, оның ішінде ақшаны заң­дастыру бойынша 7 мыңнан астам адам, шет елдегі мүлікті жария ету бойынша 283 адам қатысты. Осыған байланысты ол 4 күннен кейін заңнамаға сәйкес ресімделмеген жылжымайтын мүлікті заң­дас­тыруға арналған құжаттарды әкімдіктер жа­нын­дағы комиссияларға тапсыру мерзімі 30 қарашада аяқ­талғанын, мемлекеттік кірістер органдары арқылы жария етілетін, қалған мүлік бойынша (оның ішінде ақша), тиісті декларацияны тапсыру мерзімі 2016 жылғы 23 желтоқсанға дейін болатынын атап өтті. «Яғни аталған мерзімдер аяқталғаннан кейін тиісті мемлекеттік органдардың кандай да бір құжаттарды қабылдауға, ал банктер жария ету мақсаты үшін шоттарды ашуға құқығы жоқ», деп түсіндірді вице-министр. Мүлікті жария ету мәселелері жөніндегі заң 2014 жылғы қыркүйектен бас­тап күшіне енді. Мүлікті жария етудің аяқт­алуы­на бір айға жақын мерзім қал­ған­дығын ескере отырып, министр­лік өкілі ел азаматтарын өткі­зіліп отырған акцияны пайдалануға шақырды. Дастан КЕНЖАЛИН, «Егемен Қазақстан»