20-26 қараша күндері Қазан қаласында (Татарстан) муайтайдан (тай боксы) Әлем кубогы өтті. Қазақстан Республикасы атынан ересектер санаты бойынша 5 спортшы, 16-17 жас аралығында 7 спортшы бақ сынады, деп хабарлады ҚР Муайтай федерациясының баспасөз қызметі.
Ересектер құрамасы үш күміс жүлдеге ие болды: Саясатов Еламан (51 келі), Галиев Ишан (57 келі) және Ақжанов Рүстем (71 келіге дейін). Жастар екі алтын медаль: Сейітбек Рымбек (54 келіге дейін) және Заякин Руслан (63,5 келіге дейін), үш күміс: Магдеев Алексей (45 келіге дейін), Арифханов Бақытжан (48 келіге дейін), Сағындық Бағдат (81 келіге дейін), екі қола: Орынбай Аян (60 келіге дейін) мен Вадим Борко (54 келіге дейін) жүлде жеңіп алды.
Әлем кубогына 20 мемлекеттен 300-ден астам спортшы қатысты.