• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
29 Қараша, 2016

Таиландтың жаңа королі сайланды

123 рет
көрсетілді

Таиландта сейсенбі күні арнайы отырыста бұрынғы король Пумпион Адульядет қайтыс болғаннан кейін оның орнына мұрагер ханзада Маха Вачиралонгкорнды қабылдау үдерісін бастады. Бұл туралы rbc.ru хабарлады. Парламентте арнайы сессия кезінде спикер Помпет Вичитчончай мұрагерді таққа отыруға шақырды. «Жиналған қауым елдің жаңа басқарушысын қолдап, «Жасасын король» деп айғайлады. Вачиралонгкорн жиналысқа қатысқан жоқ», делінген хабарламада. Үкімет бір-екі күнде ханзададан аудиенцияны алады, деп хабарлады Тайланд қорғаныс министрі Правит Вонгсуван. Айта кетейік, Таиланд королі Пумипон Адульядет  88 жасына қараған шағында 13 қазанда қайтыс болды.