Қыркүйек айында мұнай өндірісі қайта іске қосылған Атырау облысындағы Қашаған кен орнынан 25 қарашада өндірілген тауар шикізатының көлемі 479 мың тоннаға жеткен.
«Кен орнынан тек қана тауарлық мұнай емес, сондай-ақ газ өндіріліп жатыр. Қазіргі таңда өндірілген тауарлық газдың көлемі 97 млн текше метрді құрады. Өндіріс көлемін ұлғайту мақсатында нысандарды пайдалануға беру жұмыстары жүзеге асып жатыр», – деп мәлімдеді «Норт Каспиан Оперейтинг Б.В.» компаниясының баспасөз қызметі.
ҚР Энергетика министрлігі бұрын айтып өткендей, 2017 жылы Қашаған кен орнынан 4-тен 8 млн тоннаға дейін мұнай өндіру жоспарлануда. Мұнай өндіру «шыңына» жеткесін, алдыда оны тәулігіне 1,5 млн баррельге дейін шығару міндеті тұр.