• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
29 Қараша, 2016

Көкшетауда 90 пәтер пайдалануға берілді

114 рет
көрсетілді

Көкшетауда ел Тəуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «25 жұлдызды күн» акциясы аясында екі 9 қабатты 45 пәтерлі тұрғын үй пайдалануға берілді, деп хабарлады ҚазАқпарат. Салтанатты шараға облыс әкімі Сергей Кулагин қатысып, жаңа пәтер иелерін қуаныштарымен құттықтады. «Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап Елбасымыз қазақстандықтардың үлкен отбасы ретінде елімізде жайлы тұруына көңіл бөліп келеді. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қолға алған саясатының басты бағыттарының бірі – әрбір қазақстандық отбасын өз баспанасымен қамтамасыз ету. Бұл бағытта елімізде «Нұрлы жол», «Қолжетімді баспана-2020», «Өңірлерді дамыту-2020» тәрізді бағдарламалар жүзеге асырылып жатыр. Жалпы, облыс бойынша 20 жыл ішінде аумағы 58309 шаршы метрді құрайтын 20 тұрғын үй пайдалануға беріліп, 755 отбасы пәтерлі болды. Бұл жолы пайдалануға берілген тұрғын үйлер облыс орталығындағы «Сарыарқа» шағын ауданында «Қолжетімді баспана-2020» мемлекеттік бағдарламасы бойынша салынды. Көпқабатты жаңа тұрғын үйден баспаналы болып отырғандардың көбі жас және көп балалы отбасылар, бюджеттік сала қызметкерлері және үй кезегінде тұрғандар