• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
29 Қараша, 2016

Астанада кәсіпқой бокс кеші өтуі мүмкін

152 рет
көрсетілді

Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы елордада кәсіпқой боксшы Жанқош Тұраровпен кездесіп, Алматыда өткен бокс кешіндегі жеңісімен құттықтап, министрлік атынан арнайы естелік сыйлық табыс етті, деп хабарлады ҚазАқпарат. «Алматыда өткен айқаста ганалық Айсак Ариемен өткізген жекпе-жегіңде жанкүйерлеріңе керемет көңіл күй сыйладың. Біз ел мерейін асырып жүрген сендер сияқты мықты спортшыларымызбен мақтанамыз», – деді министр. Бұдан бөлек, кездесу барысында  Арыстанбек Мұхамедиұлы: «Алда ЭКСПО келе жатыр. Осыған орай Астанда бір кәсіпқой бокс кешін өткізуді жоспарлап отырмыз. Осыған дейін, Геннадий Головкин, Қанат Исламмен кездесіп, осы тақырыпта әңгіме өрбіткен болатынбыз. Бүгін сенімен де осы тақырыпта ақылдассақ деген оймен арнайы шақырдық», – деп атап өтті. Өз кезегінде Жанқош Тұраров министрге алғысын айтып, егер билік тарапынан қолдау болса, бокс кешін өткізуге қуана келісетінін жеткізді. «Егер, билік тарапынан қолдау болып жатса, неге бокс кешін өткізбеске? ЭКСПО алдағы жылы елімізде өтетін ең ірі шаралардың бірі. Елбасымыз да спортқа ерекше назар аударып отыр. Осы орайда Астанада үлкен бокс кеші өтіп жатса, ЭКСПО-ға келген қонақтар үшін де, жергілікті қала тұрғындары үшін де үлкен қуаныш болар еді», - деді боксшы. Айта кетейік, Жанқош Тұраров осыған дейін 20 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. Оның 14-ін уақытынан бұрын аяқтаған.