Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Әмзебек Жолшыбеков пен Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің төрағасы Сейітсұлтан Әйімбетов Германия Федеративтік Республикасы Бундестагының мүшесі, ХДС/ХСС фракциясының сыртқы саясат бойынша спикері Филипп Мисфельдермен кездесті.
Мәжілістің комитет төрағалары мәртебелі мейманға Астанада өткен ЕҚЫҰ Саммитіне қолдау көрсеткендері үшін ризашылығын білдіріп, екі ел арасындағы экономикалық, саяси және парламентаралық байланыстар жайында жылы пікір айтты. Сонымен қатар, Қазақстанның өз Тәуелсіздігінің 20 жылында жеткен табыстары мен жетістіктері, алдағы мақсаттары жайынан хабардар етті.
Германия Бундестагының мүшесі әріптестеріне өздерінде жасалып жатқын реформалар мен парламенттегі жағдай, машина жасау, энергиямен қамтамасыз ету туралы әңгімеледі.
Кездесулерге Мәжіліс депутаттары Егор Каппель, Амангелді Момышев, Мейрам Пішембаев қатысты, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі.