Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, палатаның Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі Уәлихан Қалижан Британия Парламентінің шақыруымен Лондонда өткен «Көші-қон және саяси баспана беру мәселесі» деп аталған халықаралық конференцияға қатысты.
У.Қалижан конференцияда Қазақстандағы көші-қон және босқындар ережесі мен ХХI ғасырдағы босқындар мәртебесі бойынша конвенцияны сәйкестендірудің бүгінгі жағдайы туралы баяндама жасады. Депутат өз сөзінде Қазақстандағы көші-қон жағдайы көптеген өзгерістерді бастан кешіргенін атап өтті.
Сонымен бірге, У.Қалижан төменгі палатаның ішкі саясат бойынша комитетінің төрағасы Кейт Возбен кездесті. Онда Қазақстан-Британия парламентаралық ынтымақтастығының бүгінгі жағдайы мен келешегі туралы депутаттық достық тобы шеңберінде дамыту ойластырылды. Кездесу нәтижесінде, британдық парламентшілер көші-қон мәселесіне арналған келесі конференцияны Астанада өткізу жөнінде ұсыныс жасады, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі.