• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
30 Қараша, 2016

Әмудария өзенінің үстіне жаңа көпір салынады

1039 рет
көрсетілді

2017 жылдың басында Әмудария өзенінің үстіне Өзбекстан мен Түркіменстанды жалғайтын ірі көлік және темір жол жүретін магистралды көпір іске қосылады. Бұл жөнінде Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердымұхамедов мәлімдеді деп хабарлады Uzbekistan Today агенттігі. Ең ірі көпірді іске қосу екі елдегі көлік қозғалысын жылдамдатады деп атап өткен Түркіменстан басшысы Ашхабадта өткен БҰҰ-ның көлік тұрақтылығы жөніндегі ғаламдық конференцияда. Өзбекстан премьер-министрінің орынбасары Рустам Азимовтің айтуынша, қазіргі уақытта ең басты мәселе – көлік байланысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Ол сондай-ақ, соңғы екі жылда Өзбекстанның сыртқа тасымалдайтын жүгі екі есеге артқанын атап өтті. Мұның басты себебі Иран мен Түркіменстан өздеріне кеден салығында жеңілдік бергенімен түсіндіреді.