• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
30 Қараша, 2016

ҚР математика мен жаратылыстану білімі бойынша үздік ондықта

345 рет
көрсетілді

Қазақстан ғылымның бірнеше саласында үздік ондыққа кірді. Бұл мәліметтерді Оқу жетістіктерін бағалаудың халықаралық ассоциациясы хабарлады. Математика саласындағы білім сапасы бойынша Қазақстан мектептерінің сегізінші сынып оқушылары жетінші орында. Қазақстанның алдында Ресей тұр. Үздік үштікте Сингапур, Оңтүстік Корея, Тайвань бар. Ал бастауыш сыныптарына математикадан сабақ беру деңгейінің рейтингіне Қазақстан кірмеген. Сонымен қатар еліміз жаратылыстану ғылымдарын сегізінші сыныптарда оқыту бойынша рейтингте оныншы орында тұр. Көршілес Ресей жетінші орын алса, үздік үштікке Сингапур, Жапония, Тайвань кірген. Ал жаратылыстану ғылымдарын төртінші сыныптарда оқыту бойынша рейтингте Қазақстан тоғызыншы орын алған. Бұл тізімде алғашқы үштікте Сингапур, Оңтүстік Корея, Жапония бар. Төртінші орында Ресей тұр. Мектептегі математикалық және жаратылыстану ғылымдарын оқыту сапасын халықаралық мониторингтік зерттеу (TIMSS)  - оқу жетістіктерін бағалаудың Халықаралық ассоциациясы ұйымдастырған бағдарлама. Оның негізгі мақсаты - математика және жаратылыстану білімін бастауыш және негізгі метепте оқыту деңгейін бағалау. Бұл рейтинг әр төрт жыл сайын жасалады.