• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
30 Қараша, 2016

Жер бетінде бүгінге дейін 15 мыңнан астам соғыс болған

173 рет
көрсетілді

Алматыда Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері бас қосып, Елбасының «Әлем. XXI ғасыр» манифесіндегі негізгі 6 міндет туралы сөз қозғады. Кездесуге келгендер адамзат өркениетіне қауіп төндіретін соғыс сойқанын болдырмау үшін ең бастысы түсіністік, халықтардың бірлігі мен достығы берік болуы керектігі айтылды. Мәселен, жер бетінде осы күнге дейін 15 мыңнан астам соғыс болып, салдарынан 5 миллиард адам қаза тапқан. Егер қазір өзге елдерде болып жатқан қақтығыстар тоқтамаса, бұл көрсеткіш әлі де өсуі мүмкін. Сондықтан манифесте айтылған бейбітшілік идеясы әрқашан өзекті, деді конференцияға қатысушылар. «Тек ауызбіршілік болғанда ғана өзекті мәселелер шешімін тауып, ортақ мәмілеге келеміз. Бұл тұрғыда еліміздегі ішкі саяси тұрақтылықтың маңызы зор. Біздің басты мақсат – халықты біріктіру. Бірлік бар жерде өсу мен өркендеу болады. Біз мұны дәлелдедік», – деді қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Қазбек Мансұров.