• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
30 Қараша, 2016

Қазақстанның үздік инвесторлары марапатталды

654 рет
көрсетілді

Бүгін «Қазақстан: Жаңа инвестициялық мүмкіндіктер» тақырыбындағы конференция барысында еліміздегі үздік инвесторлар марапатталды, деп xабарлады ҚазАқпарат. Биыл Инвестициялар және даму министрлігі елімізде бір жылдан жиырма жылға дейін табысты қызмет етіп келе жатқан компанияларды іріктеп алды. Олардың ішінде Қарашығанақ мұнай-газ кен орнын өңдеу және пайдалану бойынша «ҚПО» бірлескен кәсіпорны, құбыр өндіретін «Tenaris» интальян компаниясы, уран саласындағы жапонның «НауubeniCorporation», немістің «HeidelbergCement» құрылыс материалдары компаниясы, экологиялық таза отынды дамытумен айналысатын «KOLON» кәріс компаниясы, ресейлік «ЭФКО» май өндіруші кәсіпорны, «Kelun Kazpharm» қытайлық фармацевтикалық компаниясы және «Pladis» түрік кондитер бұйымдарын өндіруші компаниясы (Қазақстанда "Ulker" деген атаумен танымал) бар. Сонымен қатар, министр Жеңіс Қасымбек отандық экономикаға қосқан инвестициялық үлесі үшін Еуропа қайта құру және даму банкі мен Қазақстандағы Шетелдік инвесторлар кеңесі қауымдастығын арнайы дипломдармен марапаттады. Айта кетейік, бүгінгі конференцияда Қазақстандағы инвестициялық жобалардың көрмесі ашылды. Негізгі мақсат – еліміздегі инвестициялық мүмкіндіктерді көрсетіп, жобаларға шетелдік қаржыны тарту.