• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
30 Қараша, 2016

Аэроғарыш комитетінің төрағасы тағайындалды

215 рет
көрсетілді

Еркін Мұстафаұлы Шаймағамбетов Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Аэроғарыш комитетінің төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі. Еркін Шаймағамбетов 1974 жылы 7 маусымда Қазақ КСР Қызылорда облысы Сырдария ауданының Тастүбек кентінде дүниеге келген. 1998 жылы «Ғарыштық ұшу аппараттары және екпіндеткіш блок» мамандығы бойынша Мәскеу мемлекеттік авиациялық институтын бітірді. Еңбек қызметін 1998 жылдың наурызынан Ғылым министрлігі - Қазақстан Республикасының Ғылым академиясы Ұлттық аэроғарыш агенттігінің «Байқоңыр» ғарыш айлағы басқармасында «Байқоңыр» ғарыш айлағы объектілерін пайдалану шарттарын бақылау бөлімінің бас маманы (Байқоңыр қаласы) лауазымынан бастады. 1998 жылдың қарашасында аталған бөлімнің бастығы болып тағайындалды. 2005 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Аэроғарыш комитеті «Байқоңыр» ғарыш айлағы басқармасының бастығы болып тағайындалды. 2006 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Аэроғарыш комитеті төрағасының орынбасары болып тағайындалды. 2007 жылдан бастап 2014 жылға дейін Қазақстан Республикасының Ұлттық ғарыш агенттігі төрағасының орынбасары лауазымында қызмет атқарды. 2014 жылдың 1 қазанынан бастап ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Аэроғарыш комитеті төрағасының орынбасары болды. 2016 жылғы 7 қыркүйекте ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Аэроғарыш комитетінің төрағасы лауазымына тағайындалды. Марапаттары бар: «Ерен еңбегі үшін» медалі, мерейтойлық медальдар.