• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
30 Қараша, 2016

Альпинистер «Нұрсұлтан» шыңына көтерілді

208 рет
көрсетілді

Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы және ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай альпинизм және құзға спорттық өрмелеу федерациясының ұйымдастыруымен альпинистер Іле Алатауының әйгілі шыңы «Нұрсұлтан» биіктігіне көтерілді. «27 қараша күні 64 адамнан тұратын альпинистер тобы Тәуелсіздіктің 25 жылдығы мен ҚР Тұңғыш Президенті күніне арнап, «Нұрсұлтан» шыңына көтерілуге аттанды. Қар қалың жауып, ауа райы -27 градусқа дейін төмен болуына байланысты 42 адам ғана діттеген межеге көтеріле алды. Бізді ҚР Президенті Аппараты, Алматы әкімдігі, Мәдениет және спорт министрлігі спорт және дене шынықтыру істері комитеті қолдады. «Нұрсұлтан» шыңы Богданович мұздығының бас жағында орналасқан. Солтүстігінде Қарлытау, шығысында Аристов шыңымен ұласады. Бұл шыңға 1930 жылы 17 шілдеде Г.Белоглазов бастаған топ шығып, Кіші Алматы шыңы деп атаған. Дәл осы жылды Қазақстан альпинизмінің бастауы деп есептеген. Ал 1935 жылы 11 шілдеде Алматыда 1-Комсомолдық альпиниада өтіп, Кіші Алматы шыңы «Комсомол» атауына ауыстырылды. 1997 жылы альпиниадаға қатысушылар Тұңғыш Президенттің туған күніне орай Комсомол шыңын «Нұрсұлтан» шыңы деп атауды ұсынды. «Нұрсұлтан» шыңында дәстүрлі альпиниаданың сан түрлі жарыстары өткізіледі. Қазақстанның тәуелсіздік алуымен эстафетаны қазіргі альпинистер жалғастырып отыр», – деді альпинизм және спорттық құзға өрмелеу федерациясының президенті Қ.Валиев. Айта кетейік, «Нұрсұлтан» шыңының биіктігі 4376 метр.