• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
01 Желтоқсан, 2016

Өңірдің оң өзгерісі – Тәуелсіздік жемісі

175 рет
көрсетілді

Қазақстан халқы бұдан ширек ғасыр бұрын, яғни 1991 жылдың 1 желтоқсанындағы президенттік сайлауда Нұрсұлтан Назарбаевқа дауыс беріп, Елбасы ретінде ел тізгінін ұстауға сенім білдірді. Содан бергі кезеңде тәуелсіз Қазақстан әлемге танылды. Ұлттық экономика әр салада жанданды. Халықтың әлеуметтік ахуалын жақсарту бағытындағы сан алуан реформалар жемісін берді. Бір сөзбен айтқанда, ел еңсе тіктеді, әлемдік өркениеттің игіліктеріне қол жеткізді. Тәуелсіздік жылдарындағы жасампаз істердің жарқын мысалы Атырау облысы тұрғындарының өмірінде лайықты көрінісін тапты. Өңірде тәуелсіздік жылдарында, әсіресе білім беру мен денсаулық сақтау саласы оңды өзгерістерге толы болды деуге негіз бар. Оған мысал ретінде 80 мектеп пен 18 мектепке дейінгі тәрбие ошағының, 1 колледж бен 5 мектеп-интернаттың, сонымен бірге, 63 жаңа үлгідегі емдеу нысанының бой көтергенін айта аламыз. Әлемнің 50-ден астам елімен экономикалық, іскерлік байланыс орнатқан мұнайлы Атырауда қазір 700-ден аса бірлескен және шетелдік компаниялар жұмыс жасайды. – Қазақстандықтардың тарихи таңдауы болған Тұңғыш Прези­дент күні мерекесі тәуелсіздіктің негі­зін қалаушы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа деген зор сенімі мен айрықша құрметі ретінде белгіленді. Қазақстан 25 жылда талай қиындықты еңсерді. Елбасының сарабдал саясаты­ның нәтижесінде бүгінде әлемдік қауым­дастықта лайықты орны бар іргелі мемлекетке айналдық. Біздің алған бағытымыз, жететін межеміз айқын, – деді облыс әкімі Нұрлан Ноғаев мерекеге орай өткен салтанатты шарада. Мерекелік шарада өңірдің әр саласында еңбегімен танылған бір топ үздік маманға сый-сия­пат жасалды. Өңір өнерпаз­дары концерттік бағдарлама ұсын­ды. «Самал» тобымен бірге «Алтынай», «Қазағым» әндерін тарту еткен белгілі әнші Ұ.Жол­дасов Ринат Зайытовтың әні мен сөзіне жазылған «Қазағым» әнінің тұсауын кесті. Жолдасбек ШӨПЕҒҰЛ, «Егемен Қазақстан» АТЫРАУ