• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
01 Желтоқсан, 2016

Түркістан - Түркі әлемінің 2017 жылғы мәдени астанасы

283 рет
көрсетілді

Әзербайжанның Шеки шаһарында өткен ТҮРКСОЙ Тұрақты Кеңесінің 34-ші отырысында Қазақстанның Түркістан қаласын Түркі әлемінің 2017 жылғы мәдени астанасы етіп бекіту туралы шешім қабылданды. Аталмыш жиынға ТҮРКСОЙ-ға мүше елдердің мәдениет қайраткерлері, сондай-ақ Түркі Кеңесі, Түркітілдес мемлекеттер Парламенттік Ассамблеясы, Халықаралық Түркі Академиясы, Түркі мәдени мирас қоры секілді халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты. Жиында Қазақстанның Түркістан қаласын 2017 жылы Түркі әлемінің мәдени астанасы етіп бекіту жөнінде шешім қабылданды. Тұрақты Кеңестің 35-ші отырысының үйлестірушісі болу Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрлігіне жүктеліп, оның отырысы 2017 жылдың соңына қарай Түркістанда өтетін болып белгіленді. Бұған қоса, Әзербайжан Мәдениет және туризм министрлігінің ұсынысымен ТҮРКСОЙ ұйымына мүше елдерде 2017 жыл «Молла Панах Вагифты еске алу жылы» деп жарияланды.