• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
02 Желтоқсан, 2016

Университетте дәріс оқыды

168 рет
көрсетілді

Пар­ла­­мент Сенатының депутаты Ақан Би­жанов Абай атындағы Қазақ ұлт­тық педагогикалық университетінің профессорлық-оқыту­шы­­лар құрамы және студенттерімен кез­де­сіп, «Егемен Қазақстан және Елбасы» та­қы­ры­бы бойынша лекция оқыды. Сенатор биыл біздің еліміз Тұңғыш Президент күнін Қазақстан тәуел­сіз­ді­гінің 25 жылдығы қарсаңында атап өт­келі отырғанына тоқталды. Сенатор біз­дің мемлекетіміздің жаңа тарихында болып жатқан саяси және әлеуметтік-эко­но­ми­ка­лық түбегейлі өзгерістер Мемлекет басшы­сы­ Н.Ә.Назарбаевтың есімімен тығыз байла­нысты екенін атап көрсетті. Депутат өз сөзінде еліміздің Тұңғыш Пре­зиденті – Елбасының мемлекетті құру­дағы және дамытудағы, әлемнің алдыңғы қа­тарда дамыған 30 елінің қатарына ену­дегі жа­ңа жетістіктерге Қазақстан хал­қын жұ­мылдырудағы  рөліне ерекше екпін түсірді. Сөзінің соңында А. Бижанов кездесуге қатысушыларды алдағы мерекелермен құттықтады және университеттің про­фессорлық-оқытушылар құрамына елі­міз­дің қажетіне орай жоғары білікті мамандар даярлау жұмыстарына тілектестігін біл­дірді, деп хабарлады Парламент Сенатының баспасөз қыз­меті.