• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
02 Желтоқсан, 2016

Қоғамдық қабылдауға оқушылар да келді

249 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған «Нұр Отан» партиясының Республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінде қоғамдық қабылдау күні өткізілді. Іс-шараны өткізудегі негізгі мақсат – Қазақстан Рес­публикасының Президенті, «Нұр Отан» партиясының Төрағасы Н.Назарбаевтың қызметін, оның ішінде халықтың әл-ауқатын арттыру, еркіндік, бірлік, тұрақтылықты қалыптастырудағы еңбегін сондай-ақ тәуелсіздік құн­дылығын кеңінен насихаттау болып табылады. Аталмыш іс-шараға «Нұр Отан» партиясының арда­герлері, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық уни­верситетінің, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агро­техникалық университетінің студенттері, Астанадағы №1 мектеп-лицейі және №3 дарынды балаларға арналған «Зерде» мектебінің оқушылары қатысты. «Нұр Отан» партиясының Республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінің меңгерушісі Ж.Жүкенов қонақтарға: - 2013 жылы 1 желтоқсаны күні Елбасы, «Нұр Отан» партиясының Төрағасы Н.Ә.Назарбаев осы ғимаратты арнайы келіп ашты. Партияның Республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінің атқаратын қызметі, азаматтардың проблемаларына тиімді назар аударып, оны шешудегі жұмыстарды қажетті деңгейде ұйымдастырады, – деді. Сонымен қатар, қонақтарға уақыт талабына сай көп­функционалды «Электронды партия», министрлер, оның орынбасарларының, құқық  қорғау, атқарушы органдар басшыларының, адвокаттардың, заңгерлердің, Банк омбудсмені және медиаторлардың тұрақты негізде азаматтарды қабылдайтын залдарымен, кабинеттерімен нақты танысуларына мүмкіндік берілді. Сондай-ақ, келушілерге «2016 жылғы партияның ең үздік қоғамдық қабылдау бөлмесі» республикалық байқауға қатысушы партияның аймақтық және аумақтық қоғамдық қабылдау бөлмелерінің жұмыстары туралы материалдар да көрсетілді. Іс-шара барысында Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі А.Цой, Ауыл шаруашылығы вице-министрі С.Егізбаев және Астана қаласы Сарыарқа ау­данының прокуроры Е.Серікбаев азаматтарды жеке мә­селелері бойынша қабылдау жүргізді. Қабылдауға келген азаматтар қолданыстағы заңдар аясында нақты жауаптар алды. Іс-шараның соңында «Нұр Отан» партиясының ардагерлері өскелең жас ұрпаққа, яғни студенттер мен мек­теп оқушыларына өз естеліктерін айтып, Елбасы, «Нұр Отан» партиясының Төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың қызметіне арналған кітапты тапсырып, баталарын берді. Асқар ҚҰМАРБАЙ, «Нұр Отан» партиясы Республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінің консультанты