• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
02 Желтоқсан, 2016

Антарктидаға бағыт алған екінші экспедиция

358 рет
көрсетілді

Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арнап Антарктидаға екінші қазақстандық экспедиция жіберілді. «Тәуелсіздік Полюсі» деп аталатын ғылыми-зерттеу экспедициясының мүшелері Оңтүстік полюстегі Винсон шыңын бағындырмақ. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында ҚазГео төралқа төрағасы Төлеген Тастанбеков мәлім етті. Қазақстан халқы Ассамблея­сының қам­қорлығымен өткізі­летін ғылыми-зерттеу экспедициясын «Қазақ геогра­фия­лық қо­ғамы» қоғамдық бірлестігі ұйым­­дастырып отыр. Жобаның бас серік­тесі – «Бәйтерек» ұлттық бас­қару холдингі. «Экспедиция 1 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Тұң­ғыш Президенті күні бас­талды. 16 желтоқсан – еліміздің Тәу­елсіздік мерекесін тойлаған кү­ні Антарктиданың ең жоғары нүк­­тесі – Винсон шыңына (4892 м) Қа­зақстан Рес­пуб­ликасының Мем­­­лекеттік Туы тігіледі»,  де­ді Т.Тас­­­танбеков. Бұдан бөлек, экспедиция қатысу­шы­лары 200 шақырымнан астам қашық­тықты шаңғымен жүріп өтпек. Баспасөз мәсли­хатында «Тәуелсіздік Полюсі» экспе­дициясының негізгі құра­мы жарияланды. Оның қата­рында Алматы қаласындағы «QazaqGeography» аймақтық өкіл­дігінің жетекшісі Мағжан Сағымбаев, альпинистер Ильяс Ғалымбеков пен Юрий Юшин, ғалымдар Әлия Ерназарова, Арман Баймұхамедов пен Дәу­лет Шәріпов бар. Сон­дай-ақ, экспедицияға әл-Фара­би атын­дағы Қазақ ұлт­тық уни­верситеті мен  С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық меди­циналық уни­верситетінің ғылыми қыз­меткерлері аттанды. Олар эко­логия, биология мен адам фи­зиологиясы салаларында зерттеу жұ­мыстарын жүр­гізеді. Соның ішін­де Ан­тарктиданың экожүйесінде болатын органикалық пес­тицидтерді, төтенше жағдайға бейімделген микроағзалардың алуан түрлілігін анықтауды және Антарктиданың төтенше ортасында ауа райының адам денсаулығы мен психологиялық сезіміне әсер беретін ықпалдарды табуды көздеп отыр. Айдар ӨРІСБАЕВ, «Егемен Қазақстан»