• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
02 Желтоқсан, 2016

Өзбекстанда сайлау уақытында шекаралар ашық болады

247 рет
көрсетілді

Өзбекстанда 4 желтоқсан күні өтетін президент сайлауы уақытында шекаралар ашық болады. Бұл туралы Өзбекстанның әділет министрі Музраф Икрамов мәлімдеді, деп хабарлады nts.kg. Музраф Икрамовтың айтуынша, осы күні азаматтар елден еркін кіріп, шыға берулеріне болады, барлық мемлекеттік шекаралар ашық болады. Әдетте осыған дейін Өзбекстанда мерекелік шаралар қарсаңында шекаралар жабылып, жол қозғалыстарына шектеу қойылатын. Айта кетейік, Өзбекстанда алдын ала дауыс беру бір апта бұрын басталған. Орталық сайлау комиссиясының 29 қарашадағы мәліметі бойынша, республикада жалпы 53 мың 501 сайлаушы дауыс берген