• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
02 Желтоқсан, 2016

Головкин келесі жылы қанша жекпе-жек өткізеді?

176 рет
көрсетілді

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің бапкері Абель Санчес келесі жылдың жоспарымен бөлісті, деп хабарлайды Boxingscene.com. — Головкин наурызда рингке шығатыны белгілі. Одан кейін маусымда Қазақстанда жекпе-жек өткізеді. Қыркүйек пен желтоқсанға да кездесулер жоспарлап отырмыз. Біз ойлаған, бұрын атап өткен адамдармен кездескені жақсы. Олай болмаса да, ол рингке шығады. Ол 34 жаста, - деді Санчес. Осыған дейін Головкиннің 18 наурызда Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында Дэниел Джейкобспен рингте кездесетінін хабарлаған болатынбыз.