Демалыс күндері Қазақстан аумағының көп бөлігінде қар жауып, боран соғады, кей жерлерде екпінді, күші 25-28 м/с жел, көктайғақ күтілуде. Бұл туралы Қазгидромед орталығы хабарлады.
Мамандардың айтуынша Республиканың оңтүстігінде арты сулы қарға айналатын жаңбыр жауып, кей жерлерде екпіні 15-20 м/с, кей жерлерде 23-28 м/с қатты жел соғып, көктайғақ пен тұман күтіледі.