• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
04 Желтоқсан, 2016

Өзбекстандағы сайлау: 3 сағатта 3 млн адам дауыс берді

172 рет
көрсетілді

Өзбекстанда сайлау учаскелері ашылғаннан кейінгі үш сағаттың ішінде сайлаушылардың 17 пайызы дауыс берді, деп хабарлайды ТАСС осы елдің Орталық сайлау комиссиясына сілтеме жасап. "Таңғы сағат 9:00-ға дейін сайлау тізіміне енгізілген 20 428 891 азаматтың 17,72 пайызы, яғни 3,6 млн адам дауыс берді", делінген ОСК хабарламасында. Сайлауға төрт үміткер қатысуда — Өзбекстанның либеральдық-демократиялық партиясы атынан қазір президент міндетін атқарушы Шавкат Мирзиеев, Халық -демократиялық партиясынан Хатамжон Кетмонов, социал-демократтардан Нариман Омаров және демократиялық партиядан Сарвар Отамуратов. РИА Новостидің хабарлауынша, кандидаттар Шавкат Мирзиеев пен Нариман Омаров отбасыларыменмен сайлау учаскесіне барып, өз дауыстарын берді. Сайлаудың қорытындысы ертең таңертең белгілі болдаы.