Қазақстандық боксшы, WBA нұсқасы бойынша «тұрақты» чемпионы Бейбіт Шүменов (17-2, 11 КО) келесі жекпе-жегі қашан болатынын жария етті, деп хабарлады ҚазАқпарат.
Шүменовтің кезекті жекпе-жегі Майамиде келер жылдың 11 ақпанына белгіленді. Оның қарсыласы - WBA нұсқасының «уақытша» чемпионы, кубалық боксшы Юниер Дортикос (21-0, 20 КО).
Бұл кездесуге қатысты сауда Бүкіләлемдік бокс қауымдастығының (WBA) штаб-пәтерінде қараша айында өткен болатын. Бұл сауданы Дортикостың атын қорғаған Caribbean Promotions компаниясы жеңіп алды.
Бұның алдында Шүменов ресейлік боксшы, WBA (Super) чемпионы Денис Лебедевті (29-2, 22 КО) жекпе-жекке шақырған. Алайда, ресейлік боксшымен келісімге келе алмағандықтан, Дортикоспен кездесу ұйымдастыруға ниетті екенін жеткізген.
Айта кетейік, Лебедев 3 желтоқсан күні, ресейлік Мұрат Гассиевпен өткізген жұдырықтасуда жеңіліс тауып, IBF титулынан айырылған болатын.