• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
05 Желтоқсан, 2016

Астана хабы Найробиде жоғары бағаланды

207 рет
көрсетілді

Найробиде (Кения) Еуропадағы экономикалық ынтымақтастық пен даму ұйымы және БҰҰ Даму Бағдарламасының мемлекеттік қызметті жетілдіру Ғаламдық орталығының бірлескен хатшылығына негізделген Тиімді институттар Тұғырнамасының (EIP) жыл сайынғы кездесуінде мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы практиктер Альянсы жұмыс нәтижелері жария болды. Альянс Астанадағы мемлекеттік қызмет саласындағы Өңірлік хаб бастамасымен құрылған. Кездесу барысында қатысушылар тиімді институттарды дамыту саласындағы трендтер мен инновацияларды, оның ішінде мемлекеттік аппарат тиімділігі мен жауапкершілігін арттыру, реформалар жасау саясаты мен есеп беретін мығым жүйелер қалыптастыру мәселелерін талқыға салды. Сонымен бірге әлемнің 60-тан астам елі мен ұйымдарын біріктіретін Тиімді институттар Тұғырманамасы қатысушыларына өз елдерінің тәжірибелерімен бөлісіп, табысты мемлекеттік реформалар жасаудың жолдарын қарастыру мүмкіндігі берілді. Хабтың аппарат жетекшісі Ернар Жаркешов тиімді институттар Тұғырнамасына оның қатысушысы ретінде Астана хабының қосқан үлесін баяндады. Онда Астана хабының Әзірбайжан, Грузия және Қазақстанның мемлекеттік қызмет көрсету бойынша практиктер Альянсын «теңмен тең» қағидаты бойынша құрғаны атап өтілді. Альянс жұмысы ауқымында Грузия (Юстиция үйі), Әзірбайжан (АСАН қызметі), Қазақстанның («Азаматтар үшін үкімет» мемлекеттік корпорациясы) озық тәжірибелерін көрсететін сараптамалық материалдар – кейс-стадилер жасалып, бірлескен зерттеулерге кеңесшілер жұмылдырылды. Хабтың бұл тәжірибесі EIP басқа қатысушыларын да қызықтырып, өз елдерінде сондай құрылым құру үшін Альянс жұмысымен кеңірек танысты. EIP даярлаған нұсқаулық бойынша, Альянсты дамытудың келесі кезеңі - «бір терезеден» қағидаты бойынша озық шешімдерді зерттеп, таныстыру мақсатында семинарлар, тренингтер формасындағы өзара әрекет етудің стратегиясын жасау болмақ.