Time журналының нұсқасы бойынша Үндістан Премьер-Министрі Нарендра Моди «жыл адамы» атанды, деп хабарлады ТАСС ақпарат агенттігі
18% дауыс жинаған Моди, сауалнамаға қатысқандар арасында осы жылдың беделді тұлғалары деп есептелінген АҚШ-тың бұрынғы президенті Барак Обамадан, жақында сайланған президенті Дональд Трамптан және WikiLeaks басшысы Джулиан Ассанждан басым түсті. Олардың еншісінде 7% дауыс.
Бұдан бөлек, Үндістан премьері Facebook-тың негізін қалаған Марк Цукербергті (2%) және АҚШ-тың экс-бірінші ханымы Хиллари Клинтонды (4%) басып озды.
Аталмыш журналдың хабарлауынша, бұл рейтинг 7 желтоқсанда белгілі болады, оны редакторлар алқасы шешеді.
«Өзекті саясат орталығының» (Pew Centre) дерегі бойынша, соңғы уақытта Модидің Үндістандағы рейтингі айтарлықтай жоғары болған. Бұндай көрсеткішке Климат бойынша Париж келісімін бекіту, сондай-ақ Үнді елінің экономикасына кері әсері тиюі мүмкін 1000 рупиді айналымнан алып тастау жөнінде шешім қабылдауы септігін тигізген.