• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
06 Желтоқсан, 2016

6 желтоқсанға арналған ауа райы

259 рет
көрсетілді

Бүгін еліміздің басым бөлігінде атмосфералық фронттың өтуіне байланысты жауын-шашын сақталады, айтарлықтай қар жауып, тек еліміздің оңтүстік-шығысында ғана күн ашық болады. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын болып, жел күшейеді, деп хабарлады Қазгидромет. Қарағанды, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде  тұман болып, жел 17-22 м/с күшейеді. Шығыс Қазақстан  облысының кей жерлерінде бұрқасын, тұман, жолдарда көктайғақ болады, жел 15-20 м/с күшейеді. Солтүстік Қазақстан облысында, түнде Павлодар облысының кей жерлерінде жел жаяу бұрқасынмен 15-20  м/с күшейеді. Ақмола облысының кей жерлерінде бұрқасын, көктайғақ болып, жел 15-20 м/с күшейеді. Қызылорда, Атырау облыстарының  кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады, күндіз жел  15-20  м/с күшейеді. Екпіні 23-28 м/с-ге жетеді. Жамбыл облысының кей жерлерінде жел 15-20, екпіні 23 м/с күшейеді. Жамбыл,  Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман болады, жел 15-20 м/с күшейеді. Қостанай облысының кей жерлерінде бұрқасын болады, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді. Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады. Алматы облысының кей жерлерінде тұман болады.