• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
05 Желтоқсан, 2016

Елордада Индустрияландыру күні аясында телекөпір өтеді

237 рет
көрсетілді

Ертең, 6 желтоқсанда, Астанада Индустрияландыру күні аясында ҚР Үкіметі мен облыс әкімдерінің Мемлекет басшысымен есептік кездесуі өтеді, деп хабарлады primeminister.kz. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев телекөпір режімінде индустрияландыру бағдарламасы аясында нысандардағы өндірісті және жобалар құрылысын іске қосады. Сондай-ақ, сапа саласындағы жетістіктер үшін «Алтын сапа» ҚР Президентінің Сыйлығын табыстау салтанаты, «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-байқауы, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» байқауының жеңімпаздарын марапаттау өтеді.