• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
06 Желтоқсан, 2016

Сырдарияның сол жағалауын игеру жөніндегі штаб құрылды

160 рет
көрсетілді

Қызылордада Сырдарияның сол жағалауын игеру жөніндегі штаб құрылды. Бұл туралы Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев мәлімдеді. «Өздеріңіз білетіндей, бүгінде облыс әкімдігінің қызметіндегі басым бағыттардың бірі – Қызылорда қаласы аумағындағы Сырдария өзенінің сол жағалауын игеру. Жоспарға сәйкес, сол жағалауда 90 мың тұрғыны бар облыс орталығының жаңа бөлігі салынады. 13 желтоқсан күні Қызылорда қаласының бас жоспарымен көзделген үш көпірдің біріншісі пайдалануға беріледі», - деді облыс әкімі. Сол жағалауды игеру бойынша арнайы штаб құрылды. Штабтың жұмысшы органы ретінде «Байқоңыр» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамы бекітілді. «Байқоңыр» әлеуметтік – кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамының басқарма төрағасының сол жағалаудың құрылыс жұмыстарымен айналысатын бірінші орынбасары болып Ержан Әбдіқалықов тағайындалды.