• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
06 Желтоқсан, 2016

Еуразиялық банк басшысы ауысты

275 рет
көрсетілді

Майкл Эгглтон «Еуразиялық банк» АҚ басқарма төрағасы қызметінен кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Қазақстандық қор биржасында (KASE) жария болған мәліметтер бойынша, Майкл Эгглтонның өкілеті шұғыл түрде биылғы жылдың 2 желтоқсанына дейін тоқтатылған болатын. 5 желтоқсанан бастап, банктің басқарма төрағасы лауазымына Павел Логинов сайланды. Майкл Эгглтон банкті 2009 жылдан бері басқарып келді. Банктің 100 пайыз акциялары «Еуразиялық қаржы компаниясы» АҚ-на тиесілі. Еуразиялық банк - барлық сегменттер бойынша клиенттерге өнімдер мен қызметтерін ұсынатын әмбебап банк. Оның негізі 1994 жылы қаланды және Қазақстанның барлық өңірлерінде өкілдіктері жұмыс істейді және Мәскеуде еншілес банкі бар. Сондай-ақ филиалдары Новосібір, Омск және Челябі қалаларында орналасқан. Банктің S&P соңғы рейтингі бойынша болжамы «тұрақты» болды.