• RUB:
    5.51
  • USD:
    475.37
  • EUR:
    514.97
Басты сайтқа өту
24 Қыркүйек, 2011

Қазақстан, Астана, Жастар – болашақ энергиясы!

1892 рет
көрсетілді

2011 жылы 12 қыркүйекте Астана қаласында «Болашақ Энергиясы» және «EXPO-2017 көр­ме­сіне қолдау көрсет! Елімізді қолда!» атты тақырыпта, ең үздік ұран және эссе жазуға Респуб­ли­калық байқау жарияланды. Байқау Халықаралық маман­дан­ды­рылған EXPO-2017 көрмесін өткізу құқығына Астана қаласының өтінімін жылжыту және ілгерілету шеңберінде өткізілуде. «Болашақ Энергиясы» байқауының мақсаты – баламалы энергия көздерін дамыту мәселесіне жастардың көңілін аудару, сонымен қатар елімізде EXPO-2017 көрмесін өткізу идеясын көпшілік арасында насихаттау. Байқауға қазақстандық мектеп оқушылары мен жоғары оқу орындарының сту­дент­тері қатыса алады (қажетті ақпарат www.expo2017astana.com сайтында көрсе­тілген). Энергия – дүниежүзілік экономиканың көкей­кес­ті мәселелерінің бірі. Соңғы кездері, баламалы энер­гия көздері әлемдік деңгейде талқыланып, ғаламдық маңызға ие болуда. Оның басты артықшылығы – сарқылмастығы мен экологиялық тазалығы. Атмос­фе­раға үлкен көлемде зиянды газдардың бөлінуіне алып келетін мұнай және басқа да қорларды өң­деу­мен салыстырғанда, баламалы энергия көздерін пайдалану ғаламшардың энергетикалық қалпын өзгерт­пейді. Дәл осы қасиеттер, жаңартылған энергия көздерінің шетелде шалқып өркендеуінің және жақын онжылдықта оптимистік болжамның қалып­та­суына ұйытқы болды. Үстіміздегі жылдың маусым айында, еліміз Халықаралық мамандандырылған EXPO-2017 көр­ме­сін Астанада өткізу өтінімін ресми түрде ұсынды. Көрме тақырыбы – «Болашақ энергиясы» – өзек­ті де маңызды екені рас. Біз, жас және қарқынды да­мушы, сонымен қатар пайдалы қазбаларға бай мемлекет ретінде баламалы энергия көздерін болашақ ұрпақ үшін дамытудамыз. Елімізде ЕХРО-2017 кө­р­ме­сін өткізу идеясын Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ұсынған еді. Осынау жоғары деңгейдегі көрме ең үздік әлем­дік энергия сақтау технологияларын, күн, жел, теңіз, мұхит және жылы сулар энергиясы сияқты бұрын­нан бар баламалы энергия көздерін қолдану өрісін­дегі жаңа жетістіктерді кеңінен танытуға мүмкіндік береді... Аталмыш бастама, Қазақстанның дүниежүзілік қауымдастық алдындағы беделін арттырып қана қой­май, елімізді жаңа даму деңгейіне көтереді. Әрбір қазақстандық EXPO-2017 Халықаралық көр­ме­сінің өткізілуіне қатысты болады. Бұл ауқымды да әйгілі ұлттық жобаға айналатыны сөзсіз! Еліміздің табиғи қорларға бай болғанына қара­мас­тан, баламалы энергия көздерін дамыту басым ба­­ғыт­тардың біріне жатады. Қазақстандық жаңар­ты­ла­тын жел, күн, энергия мүмкіндіктері шексіз. Жа­қын бола­шақта баламалы энергия көздері еліміздің эколо­гия­лық таза қаржы көзіне айналуы әбден мүмкін. Энергия – болашаққа барар жол. Болашақ энергиясына жалғыз ғана баламалы энергия саласындағы ал­­­­­дыңғы қатарлы технологиялар жатпайды, бола­­­­шақ энергиясы – бұл жет­кін­шек­тердің жасампаз ойлары. Әркезде де ілгерілеу қозғалтқышы жастар болды және бола да береді. Байқауды ұйым­дас­ты­рушы – Қазақстан Рес­­пуб­ликасының Эконо­­ми­­­­­калық даму және сауда министрлігінің ай­туы­­на қарағанда, осы байқау жаңа идеяларды тарту­­­­дың жақсы мүм­­кіндігі бо­лып табылады. Жас ұр­пақтың болашақ энер­гиясы туралы пікірлері қызықтырады. Со­нымен қатар жастардың Ел бо­лашағын қалыпт­а­с­тыру­шы азаматтар ретін­де, ХХІ ғасырдағы бала­­ма­лы энергияның даму ба­ғытын қалай түсіне­ті­ні және олардың аталған са­ладағы Қазақстанның келешегі туралы ойла­­­рын білсек деген ой бар. Байқауға қатысу­шы­ларға ұран ойлап тауып, «Болашақ Энергиясы» та­қырыбына Эссе жазу ұсынылады. Қиялдауға шектеу қойылмайды. Жалғыз шектеу – ол жас шамасы: байқауға Қазақстан Республикасының 15 пен 25 жас аралығындағы мектеп оқушылары мен жоғары оқу орындарының студенттері қатыса алады. Ағымдағы жылдың желтоқсан айында байқау қорытындысы шағарылады, Астанада баспасөз мәс­лихаты ұйымдастырылып, жеңімпаздарға арнайы сый­­­лықтар тарту етілетін болады. Жүлдегер басқа қалада тұратын жағдайда, оның елордаға келуін жә­не осында тұруын ұйымдастырушылар қамт­а­ма­­сыз етеді. Дауыс беру нәтижесінде 20 жұмыс таңдалып, сыйлықтармен марапатталады және сол жұмыстар www.expo2017astana.com сайтында жарық көреді. Бірінші орынға ие болған адамды нетбук күтуде. Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда министрлігі Сауда комитетінің төр­ағ­а­сы және әділқазылар алқасының мүшесі Айдар Қа­­зыбаевтың айтуы бойынша, «Болашақ Энергиясы» және «EXPO-2017 көрмесіне қолдау көрсет! Елімізді қолда!» атты байқаудан біз жастардың жаңашылдық пен жасампаздық ізденісі және креативті ойлары күтіледі. «Болашақ Энергиясы» тақырыбы бүкіл адамзатқа ортақ болып, энергияның жетіспеушілігі мен ғаламдық мәселелердің шешілуіне ықпал ететіндігіне толық сенімдеміз. «Қазақстанның энергетикалық саясатын қалып­тас­тыруға жастар белсене қатысады деген үмітте­міз», – деп атап өтті әділқазылар алқасының мүшесі, Қазақ­стан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Энергетиканы дамыту және көмір өнеркәсібі департаментінің бастығы Владимир Клякин. Ең үздік ұран мен эссе сайысы энергия сақтау са­ла­сындағы инновациялық жобалар­дың іске асуына түрткі болады. Ал қазіргі заманғы озық ойлар, энергияны тұрақты пайдалануға көшу­дің жолын ашады». Ұйымдастырушылар жасампаз жастарды сайыс­қа белсенді қатысуға, Қазақстан Республикасы Пре­зидентінің EXPO-2017 көрмесін өткізу бастамасы мен елімізді қолдауға және баламалы энергия көз­дерінің дамуына өз үлестерін қосуға шақырады. Қазақстан, Астана, Жастар – біз болашақ энергиясы!